2026 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы қол қайған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметкерлерге қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсету фактілері үшін жауапкершілікті күшейтуге көрсетілген.
Атап айтқанда, Заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне медициналық қызметкерге, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем көлік құралының жүргізушісіне қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорқыту және (немесе) күш қолдану фактілері үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бастап айыппұл салу не 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылықты белгілейтін толықтырулар енгізу көзделген.
Заңның ережелерін іске асыру мен қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, медициналық қызметкерлерге қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында 01 сәуір 2026 жылы «Қалалық орталық емханасы» ШЖҚ КМК-да емхана қызметкерлері қатысуымен құқықтық сабақ өткізіліп, емхана заңгері С.Закиров пен кәсіподақ ұйымы төрайымы Г.Мұстафина қатысушыларға заң талаптарын түсіндіріп, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау бойынша республикамызда атқаралып жатырған жұмыстарға тоқталып өтіп, осы бойынша қызметкерлердің пікірлері тыңдалды.
