2026 жылғы 22 қыркүйекте орталық емханада медициналық қызметкерлер арасында семинар сабақ өткізілді. семинар сабағын бас дәрігердің бмск жөніндегі орынбасары к.т. исмайлова ашып, күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталды. өз сөзінде медициналық қызметкерлер арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын одан әрі күшейту және профилактикалық іс-шараларды сапалы ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. семинар барысында фтизиатр дәрігер г. камырбаева туберкулез ауруының алдын алу бойынша жүргізілетін профилактикалық іс-шараларға тоқталды. бцж вакцинациясының, манту сынамасының және диаскинтесттің маңыздылығын түсіндіріп, олардың нәтижелерін уақтылы бағалау және бақылаудың қажеттілігін атап өтті. сонымен қатар медициналық қызметкерлерге теріс нәтиже, оң нәтиже, гиперемия, папула сияқты негізгі терминдердің мағынасын түсіндірді. эпидемиолог о. сағымбаева қазақстан республикасы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №11 қаулысын таныстырды. аталған қаулыға сәйкес 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (жрви) және covid-19 коронавирус инфекцияларының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері түсіндірілді. сонымен қатар емхана медициналық қызметкерлері арасында 2026 жылғы 1 қазаннан бастап маскалық режим енгізілетіні туралы ескертілді. алдағы эпидемиялық маусымға байланысты тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары жоспарланып отырғаны айтылды. дәрігер-инфекционист п. сейілова тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиологиялық маңыздылығына тоқталып, аурулардың негізгі клиникалық белгілері, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы және емдеу тәсілдері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. қорытындысында, семинар барысында қаралған мәселелер бойынша медициналық қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріліп, профилактикалық және санитариялық-ағарту жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап өтілді. семинарға қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасып, талқылау жүргізді.

