Мұхамбетова Айна Қарабұзауқызы
1970 жылы 14 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.
Білімі:
1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
- Шиелі аудандық орталық ауруханасында учаскелік дәрігер;
- «Шипагер» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының дәрігері;
- Шымкент қаласы, Спорт мектебінің дәрігері;
- Шиелі аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары;
- Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
- Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасының бас дәрігері;
- Қызылорда қаласы, «Қалалық орталық емхананың» бас дәрігері.
Марапаттары:
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамоталарымен» және «Алғыс хаттарымен» бірнеше мәрте марапатталған. 2020 жылы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының мүшесі.


